Анаға құрмет

Анаға құрмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атақты сахабалардың бірі Пайғамбар (ﷺ) ілімін жалғастырушы Әбу Хурайра (р.а.) өзінің барлық өмірінде анасына үлкен инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын. Әрқашан ол үйінен шығарда анасының бөлмесіне кірмей, есігінің жанына тоқта: - Анашым, саған тыныштық тілеймін. Алла Тағаланың саған құрметі мен оның рақымы жаусын, – дейтін. Оған анасы:

- Саған да тыныштық тілеймін, ұлым. Алла Тағаланың құрметін иелен, оның рақымы түссін, – деп жауап қайтаратын. Әбу Хурайра :
- Алла Тағала саған кішкентайдан мені өсіргенің үшін рақымшылық берсін, – деп сөзін жалғастыратын Әбу Хурайра. Сонда анасы :
- Саған да Алла Тағала маған деген қайырымдылығың үшін нұрын төксін, – дейтін. Әр сапарының үйіне қайтып келгенде де Әбу Хурайра (р.а.) жүрек тербейтін осы сөздерді жиі қайталайтын болған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: