Шу ауданы Белбасар ауылдық мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен «Экстремизм және терроризмге қарсымыз» атты семинар болып өтті.
Кездесуге ішкі саясаттың ақпараттық түсіндіру бөлімінен Тунғатарова Назира, Жастар ісі жөнінің инспекторы Сәулебайқызы Сымбат, «Хати Сауранбай» мешітінің имамы Исаков Данияр қатысты.
Имам мектеп оқушыларына ислам дінінің құндылықтарын, ол бейбітшілік діні екендігін жан жақты түсіндіріп уағыз-насиғат айтты. Ұстаз, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.