Жүрегім бір қалыпты

Жүрегім бір қалыпты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам ғұламасы – Имам Ағзам Әбу Ханифа өз заманының белді саудагерлерінің бірі болған екен. Ол кісі таңертеңнен түске дейін медреседе дәріс оқып, ал түстен кейін саудамен айналысыпты. Күндердің бірінде дәріс уақытында бір кісі жүгіріп кеп: - Уа, имам, жүк алып келе жатқан кемеңіз суға батты, - депті.

Имам Ағзам біраз кідірістен кейін: - Аллаға шүкірлер болсын!, - деп сабағын жалғастыра беріпті. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі қайта келіп: - Уа, имам, біз жаңылған екенбіз, батқан кеме сіздікі емес екен, - деп хабар беріпті. Имам Ағзам болса бұл хабарды естіген кезде де: «Аллаға шүкірлер болсын!» - деп қана қойыпты.

Хабаршы аң таң болып: - Уа, имам, кемеңіз суға батты деп хабар әкелгенде «Әлхамдулилләһ» дедіңіз, батқан кеме сіздікі емес дедік, оған да «Әлхамдулилләһ» дедіңіз – мұның мәнісін түсіндіріп беріңіз, - депті. Сонда Имам Ағзам былай деген екен: Сен «кемең суға батты», -деп хабар әкелгенде ішкі дүниемді, жүрегімді байқап қарадым. Жүрегім бір қалыпты соғып, ешқандай налу, өкіну сезген жоқпын. Сол себепті Аллаға шүкір айттым. Батқан кеме менікі емес екенін естігенде де жүрегім бір қалыпты соғып, алып ұшқан қуаныш сезім байқамадым. Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкіне деген осындай немқұрайлықты бергені үшін жаратқан Иеме шүкірлік айттым. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: