Халифаның ескертуі

Халифаның ескертуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазірет Омар (р.а.) халифа болып тұрған уақытында бірде Үбәй ибн Қағыб екеуі дауласып, Зәйд ибн Сәбиттің төрелігіне барып жүгінді. Хазірет Омар (р.а.) келгенде Зәйд ибн Сәбит халифаға құрмет көрсетіп төрге отырғызғысы келді.

Бірақ хазірет Омар (р.а.) бұған қабақ шытып: «Бұл сенің жіберіп алған алғашқы әділетсіздігің» деді. Сөйтті де Үбәй ибн Қағыбтың жанына барып отырды. Үбәйдің дәлелі жоқ еді. Сондықтан шағымданушы ант ішуі керек. Халифа болғандықтан Зәйд ибн Сәбит хазірет Омарға (р.а.) ант айтқызбай-ақ Үбәйға бұдан бас тартуды ұсынды.

Алайда хазірет Омар (р.а.) дауға билік жүргізіп отырған Зәйд ибн Сәбитке «Егер сен алдыңа келген халифа мен жай адамды тең тұтпасаң, бұл қызметке лайық емессің», - деп ескерткен екен. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: