Аудан имамы ауылдық мешітте уағыз айтты

Аудан имамы ауылдық мешітте уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Ғарифолла Әмірбеков Бектөбе ауылдық мешітінде жұма уағызын жүргізді. 

Аталған іс-шара ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұлдың бір жұма ауыл мешіттерінде, бір жұма маманның қызмет етіп жүрген өз мешітінде жұма уағыздарын жүргізу тапсырмасына сай іске асырылды.

Аудан имамы көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, насихатында жүректерді оятар  сүбелі сөздер айтты. Сонымен қатар имам ауылдың хал-ахуалын көріп, жамағатпен тілдесіп қайтты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: