ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы "Һибатулла Тарази" мешітінің қыздар сауат ашу курсында педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші студенттің ұйымдастыруымен "Намаз - діннің тірегі" атты ашық сабақ өтті.
Дәріс болашақ ұстаздың методикасы арқылы жүргізілді. Шәкірттер екі топқа бөлініп, тапсырмаларды жарыса орындады. Білімді тексеретін сан сауалдар қойылып, дұрыс жауап берген топ ұпайға ие болып отырды.
Намаздың діндегі орны, бұл қасиетті парыздың маңыздылығы, адамға берер пайдасы, амалды дұрыс орындау сынды жан-жақты мағұлматтар берілді. Ойын түрінде өткен дәріс ұғымды әрі қызықты өтті. Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева жас мамандардың бұл жұмысына жоғары баға берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.