2020 жылдың 15 қаңтарында Шу аудандық "Төле би" мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауыл мешіттерінің имам-молдалармен бас қосып, алдағы жылдың жоспарларымен таныстырды.
Республика көлеміне қолға алынып жатқан жаназа төңірегіндегі өзекті мәселелер мен қаралы үйдегі ас мәзіріне кіретін тағамдардың бекітілген түрлерін, жіберіліп жатқан ысырапшылдық туралы жан-жақты талданды.
Биылғы 2020 жыл Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты, 30 іс-шараның болатындығы туралы және осы іс-шараға аудан, ауыл имам-молдаларының атсалысып қатысуы туралы айтылды.
Шу ауданы осы игі іс-шараның өтуіне байланысты, аудан көлемінде ақындар айтысын, термешілері байқауын және көктем айларында ауыл-аймақты көгалдандыруды қолға алып, іске асыру туралы нақты тапсырмалар берілді.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі