Кімнің сөзі жүрекке әсерлі?

Кімнің сөзі жүрекке әсерлі?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйгілі математик, ойшыл, медицина ғылымының негізін қалаған Ибн Синаға бірде шәкірттерінің бірі: «Ұстаз, егер сіз өзіңізді пайғамбармын деп жарияласаңыз, мыңдаған қолдаушылар табылатынына сенімдімін», – дейді. Оған сол мезет жауап қатпаған Ибн Сина бір күні қыстың аязды күні әлгі шәкіртіне «Дәрет алайын, барып сырттан леген мен құманды әкелші» деп жұмсайды.

Жылы шатырдан суыққа шыққысы келмеген шәкірті тартыншақтайды. Біраздан кейін ұстазы әлгі өтінішін тағы айтады. Бірақ шәкірті қозғала қоймайды. Үшінші рет өтінгенде де шәкірті ерініп сол орнында отыра береді. Осы кезде таяу бір мешіттен таңғы намазға шақырған азаншының даусы естіледі.

Осы сәтті ұтымды деп тапқан ұстазы сонда шәкіртіне былай дейді: «Сен менің көп жылғы шәкіртімсің. Сенде ұстаздық ақым да жоқ емес. Осы уақытқа дейін бір-ақ өтініш жасап едім, орындамадың. Ал мына азаншыны естіп тұрсың ба? Осы азаншы сияқты мыңдаған адам жаз-қыс, ыстық-суық, күндіз-түн деместен қанша ғасырдан бері мұнараға шығып, өздері өмірі көрмеген, араларында тіке қатынас та болмаған Пайғамбардың (ﷺ) атын айтып, пайғамбарлығын жариялап келеді. Пайғамбар (ﷺ) мен менің арамдағы айырмашылықты енді түсінген шығарсың?»    

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: