Пайғамбармен (ﷺ)қалай дос болуға болады?

Пайғамбармен (ﷺ)қалай дос болуға болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рабиа ибн Қағыб әл-Әслами келтірген: «Ардақты Пайғамбарымызға (ﷺ) дәрет суын жеткізіп беріп, басқа да қолғабыстар жасайтынмын. Бір күні «Тілегің болса, маған айт» деді.

«Сіздің жақын досыңыз болғым келеді» дедім. «Осыны ғана сұрайсың ба, басқа ешқандай тілек айтпайсың ба?» деді. Мен тек осыны ғана қалайтынымды айттым. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Онда өзің үшін көп сәжде жасап, маған көмектес» деді».

Бұл оқиғадан мынаны түсінуге болады: басқадан сұраған істе өзің де қолыңнан келгенше үлес қос, сонда сұраған нәрсенің шынайы бағасын білесің. Пайғамбарға (ﷺ) екі дүниеде де дос әрі жолдас болғысы келген адам көп сәжде жасауды әдет етіп, сәждеде Жаратушы Иеге көп дұға етуі тиіс. Зор мақсаттарды зор машақаттармен ғана бағындыруға болатынын ескерген жөн. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: