Қабыл болмайтын амал

Қабыл болмайтын амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сахабаларымен отырған Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) бірде Қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала қабылдамайды». Мұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): – Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: – Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза да ұстайды, намаз да оқиды. Алайда бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: