25 желтоқсан күні Жаңатас қаласындағы «Коворкинг орталығында» Сарысу аудандық мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев қаланың белсенді жастарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» құжаты таныстырылып өтті. Жастармен имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік ұғымдары талқыланып, бұл ұғымдардың маңыздылығы тілге тиек етілді. Осы жеті рухани қазығымыздың берік болуы келешегіміздің кемел болуына себеп болатыны айтылды. Әрбір жас жеткіншек өз ойын ортаға салып, ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын білдірді.
Сарысу аудандық мешіттің баспасөз қызметі