Қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз

Қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүниеге келген адам, дүниеден өтері сөссіз. Ертеме кеш пе, дәм тұзымыз таусылып, Алланың уәде еткен сағатында дүние саламыз. Өлімнен қашып құтылған ешкім жоқ. Мейрімді Алла қасиетті Құранда « Әр-бір жан иесі өлімнің дәмін татады» дейді.

Әріптесіміз Көдебай Дүйсенғалидің анасы Башен Сүлейменқызы дүние салды. Ол кісі 12 қаңтарда 1931 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылында дүниеге келді. 14 жасынан карриерде еңбек жолын бастаған анамыз, араға 39 жыл тастап Далақайнар ауылына келіп алдыңғы қатарлы сауыншы болып қызмет атқарды. Социалистік еңбек ері атағымен марапатталып, еңбек орденінің иегері. Өмірінің соңына дейін намазын қаза қылмаған апамыз 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді.

Қайғысын бөліссе жеңілдейді демекші, Бишен апайымыздың артында қалған бала-шағаларына, немере-шөберелеріне, туған-туысқандарына Алла тағалам көркем сабырлық беріп, қасиетті күндер мен түндерге сау саламатта, аман-есендікте жетулерін нәсіп етсін.

Апайымыздың топырағы торқа, жаны жаннатта болғай әмин.

Талғат Кәрібайұлы.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: