Жамбылдық ақжаулықтылар Құран жарысына қатысты (ФОТО)

Жамбылдық ақжаулықтылар Құран жарысына қатысты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне қараша айының 5 күні қаламыздың  көне «Әулие ата» мешітінде алғаш рет Құранның 30 аяттық «Мүлк» сүресінен қыздар арасында жарыс өткен болса, уақыт суытпай қарашаның 30 күні Тараз қалалық «Әбу Бәкр ас-Сыддық» мешітінде тағы да қыз-келіншектер арасында «Тура жол мен рақым болған Құран » атты Құран жарысы өткізілді. Жарыс мақсаты шәкірттерді және мешіт жамағатын Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру,  Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірі арқылы мейірімділікке, сыйластыққа, мұсылмандыққа тән қасиеттерді қалыптастыру. Осындай тәрбиесі және сауабы мол іс шараның өтуіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Қанат Жұмағұл төрағалық жасап, 4 номинация бойынша өтіп жатқан сайысқа қатысушы қыз-келіншектерге және жамағатқа Құран Кәрімді тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде әсерлі уағыз айтты. «Әбу Бәкр ас-Сыддық» мешітінің бас имамы Бағзат Ақжолов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Әділ қазылар алқасының құрамында ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов, "Хамрақұл" мешітінің имамы Арипжан Ахметов, Қарилық курстың ұстазы Әлимуханбет Егізбаев, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Алдасаева, «Кеңесхан» мешітінің ұстазы Жібек Қалақұлова әділ бағаларын беріп отырды.

Сайыс шарттарын сақтай отырып, Алланың сөзі қасиетті Құран кәрім аяттарын жүзінен қарап оқуға 17,  мәнерлеп оқуға 38, жарты парадан 17 және 1 парадан жатқа оқудан 15 үміткер бақ сынасты. Үміткерлер әділқазылар оқыған аятты жалғастырып әкетіп, мүдірмей, қатесіз, мәнерлеп, мақаммен, тәжуидпен оқуы тиіс. Сонымен қатар, Құран оқушының дауысы да бағаға алынды.

Жарыс соңында әділ қазылар алқасының төрағасы Қанат Жұмағұл: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Балаларыңызды үш түрлі қасиетке баулыңдар. Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады» десе, Абай атамыз: «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас»деген еді. Қаншама ғасыр өтсе де бірде-бір әрпі өзгермеген қасиетті кітап Құран Кәрім көңілдегі дертке шипа, адасқанға тура жол көрсетуші болып адамзаттың игілігі үшін қызмет етіп келеді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, Құран жарысын ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет, деп, үміткерлердің үмітін ақтайтын әділқазылардың соңғы әділ шешімімен таныстырып өтті.

Жарысқа қатысып, үздік шыққандарға әділ қазы алқа мүшелері ақшалай сыйлықтарын, алғыс хаттары мен сертификаттарын табыс етті.

Жүзінен оқу бойынша;

1-орын Құмбай Айша-45000 тг.

2-орын Елеусинова Асия-30000тг.

3-Орын Ербаева Салтанат-20000 тг.

 

Мәнерлеп оқу бойынша;

1-орын Асанова Меруерт-75000 тг. 

2-орын Мусаева Рисалат 60000 тг.

3-орын Дауренбекова Алмагүл -50000 тг.

 

Жарты пара бойынша;

 1-орын Асанова Гауһар-100000 тг.

2-орын Усырова Сунейна -75000 тг.

3-орынға Қалдыбекова Динара -50000 тг.

 

1 пара бойынша

1-орынға Сингатулина Зайнаб - 150000 тг.

2-орынға Сейтқұл Аяжан - 125000 тг.

3-орынға Бейсеналы Мадина – 100000 тг.

Үздік шыққан үміткерлер арнайы орындарды иеленіп, ақшалай  сыйлықтарды қанжығасына байласа, әділ қазылар алқасының төрағасы жүлде ала-алмай қалған қатысушыларға келесі жарыстарда жеңіске жетуіне тілек айтып, ынталандыру ретінде Құран Кәрімді сыйға тартты.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: