Сағындық Сені, уа Расулуллаһ!

Сағындық Сені, уа Расулуллаһ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибаттулла Тарази» мешітінің «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен көне шаһар Тараз қаласының «Пияла» дәмханасында «Хақ Елшісіне сағыныш» атты мәулід кеші аталып өтті. Алпысқа жуық қыз-келіншектер қатысқан рухани кеш, қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын оқумен басталды. Жамбыл облысы бойынша «Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Гүлжан Серікқызы қонақтарға «Пайғамбарымызға лайықты үмметпіз бе?» деген тақырыпта мұсылманның шынайы келбеті қандай болу керектігі жайында уағыз жүргізді. Жиналған қауымға « Пайғамбарға сағыныш хаты» оқылып, соңы шәкірт қыздардың салауат айтуымен жалғасты. Ұйымдастырылып отырған мерекелік кешке арнайы шақырылған Тараз қаласындағы көне «Әулие ата» мешітінің бас имамы Баймаханов Ораз да өзінің әуезді үнімен «Мәліт» жырын оқып берді.

Кештің әсерлі де, пайдалы өтуі үшін тәрбиелік маңызы бар әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Өз араларында сұрақ-жауапқа да уақыт бөліп, фотожұмбақ ретінде Саңлақ сахабалардың өмірлерін суреттейтін сәттерін көрсетіп, дұрыс жауап бергендерге ынталандыратын сыйлықтар берілді.

Мұсылманның өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі, қиналғанға жәрдем беріп, садақа беріп жүру керектігін білдіретін «Садақаның маңызы» атты әсерлі көрініс қойылды.

Жиын соңында ақ жаулықты аналарымыз дастарханнан дәм алып, еліміздің амандығын, ауызбіршілігін, жастарымыздың иманды болуын тілеп ақ батасын беріп, тарқасты.

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: