ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫ ТАҢЫСТЫРЫЛДЫ

ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫ ТАҢЫСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданында «Жеті рухани қазық» тақырыбында ІІІ имамдар форумында қабылданған құжаттар ауыл имам молдаларға түсіндірілді. Жиынды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филиалы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы ұйымдастыруымен өтті

Жиынға  Жамбыл облысы «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамиы Амреев Бахтияр Амантайұлы  арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ аудандағы мешіт ардагерлері ауылдық мешіттердің имам молдалары  қатысты.

Жиында Елордада өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, «Діни лауазым тізілімі және міндеттері», «Діни рәсімдер тізілімі» сынды маңызды үш құжат ауыл имам молдаларға және мешіт ақсақалдарына таңыстырылып, және, «Діни лауазым тізілімі және міндеттері» атты құжат слайд түрінде көрсетілді

Жиынды ашқан «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамиы Амреев Бахтияр Амантайұлы  «Жеті рухани қазық» «Діни лауазым тізілімі және міндеттері», «Діни рәсімдер тізілімі» атты тақырыпта ауқымды баяндама жасады. Осы құжат аясында белсенді жұмыс істеп кеңінен насихаттау керектігін баяндады.

Жиын соныңда ауыл имам молдаларға ІІІ имамдар форумында қабылданған құжаттар ауыл имам молдаларға таратып берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: