Тақуа жанның өлімі (жалғасы бар)

Тақуа жанның өлімі (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тақуа адам кез келген сәтте  өлімге дайын болғысы келеді. Негізі, бұл -  мен де, сіз де қалайтын жайт. Неге? Өйткені бұл өмір мүлде сенімсіз. Баянсыз жалған дүние. Мен  өзімнің өлімімді  алдын ала білгім келеді. Менің ажалым жанымды алмас бұрын өзінің жақындап қалғанын маған ескертуін қалаймын. Егер сіздің Алламен қарым-қатынасыңыз дұрыс болса, егер сіз шынымен де тәубаңызға келсеңіз,  Алла Тағала ажалыңыздың жақындап қалғанын сізге жаныңыз шықпас бұрын білдіртеді. Мен сіздерге Лондонның солтүстігінде бір жыл бұрын орын алған оқиға туралы айтып берейін. 89-жастағы Шерзад есімді қарт өзінің жанұясына телефон соғады, ол бөлек тұратын  еді, сонымен, ол туғандарына телефон соғып: «Жаңа ғана менің үйіме есік қақпай бір адам кірді. Ол өзін жан алғыш періштемін деп таныстырды әрі менен: «Бұл өмірден өтпей  тұрып нені қалайсың?» - деп сұрады. Мен оған дәрет алып, екі рәкағат  намаз оқығым келетінін айттым». Дәрет алып, екі рәкағат намаз оқып болғанда, мен әлгі адамды таба алмай қалдым. Мұны естіген туыстары оның  есі ауысқан екен деп ойлап, оны өз үйлеріне алып келеді. Тура үш күннен соң қарт жан тәсілім етеді. СубханаЛла, мұндай оқиғалар аз емес. Әлгі қарт нағыз қарапайым адам болған, ол ғалым да емес, алим да емес еді. Бұл оқиға Англияның Кент қаласында немесе Кент ауданының бір жерінде болған, ол жерде мешіт болғаны есімде.                                 

Мауляна Абдулуахид есімді мұсылман өткен Рамазанда дүниеден қайтқан  еді. Ол да өлерінен бұрын бұл өмірден кететінін сезген болатын. Сол кезде ол итиқафта болған, алайда оның күйі болмай тұрып еді. Ол қасындағы адамдарға: «Мені төсекке апарыңдар, менің жайым болмай тұр. Менің уақытым келді», - деп айтыпты. Ол көз жұматынын білген.

Солтүстік Лондонда тұратын бір  бауырымыз өзінің шейх болған әкесі туралы айтып еді. Ол тура өзінің өлетін күні Бангладештегі мешітке жұма намазға барған. Оның әкесі мешітке жұма намазға барған да адамдарға: «Әй, адамдар! Егер мен біреулеріңді ренжітсем, кешіріңдер мені, өйткені бұл менің өмірімнің соңғы күні!» - деп айтқан екен. Адамдар бұл алжасқан ба деп ойлап қалады. Одан кейін ол зиратқа барып: «Мені дәл мына қабірге жерлеңдер», - деген. Содан соң үйіне барып, жерлерін қарап: «Өз жерімді ақырғы рет көріп тұрмын», - депті. Сол түні ол бақилық болған  екен.

Мауляна Саид Ахмад Хан. Мүмкін біреулеріңіз ол туралы естіген шығарсыңыздар?  Бұл расымен де Алланың уәлиі еді. Білесіздер ме, мен өзіме тура осындай өлім қалар едім. Мен Алладан тура осындай не одан да жақсы өлім тілер едім. Сіздер де солай тілеулеріңіз керек. Тақуа адамдардың игі өлімдері туралы естігенде, біз сондай не одан да жақсы өлімге талпынуымыз керек.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: