Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының басшылығымен облыс имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті.
Іс-шара барысында жақында өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылып, түсінділіріп өтті.
Алқалы жиында облыстағы аудан, қала мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. Жасалған жұмыстардың жақсы да әлсіз тұстары нақты тілге тиек болып, мақтаулар мен еркертулер айтылды.
Жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни меркелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы, «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми сайты «asyldin.kz» сайтының жұмыстары, «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстары, және теріс ағыммен күрес бағыттары, облыстағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд ретінде көрсетілді.
Жиналыста айтылған шаралар есебіне қатысты бас имам Қанат Жұмағұл жалпы оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды. Сонымен қатар, осы тыңдалған жылдық қорытынды есебінің ішінде үздік атқарылған жұмыстарға балдық шкала бойынша белгілі орындар беріліп, жоғары бағаланды. ІІІ орын 86,7 пайыз көрсеткішімен Қордай ауданы, ІІ орын 95.2 пайыз көрсеткішімен Тараз қаласы, І орын 95,8 пайызбен Талас ауданы марапатталды.
Жиналыс соңында өкіл имам ерекше еңбегімен көзге түсіп, оқ бойы озық тұрған қызметкерлерді сөз етіп, алғысын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі