Тараз қаласындағы тарихи мешіттердің бірі «Әбдіқадір» мешітінде дәстүрлі уағыз дастарханы болды. Жиналған көпшілік ысырапшылдық туралы уағыз тыңдады. Насихатты «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы жүргізді. Құранда ысырапшылдыққа тыйым салынғандығы айтылған. «Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырапқа жол бермеңдер! Расында Алла тағала ысырап қылушыларды жақсы көрмейді» – («Ағраф» сүресі,31-аят).
Қайдай рәсімдер болмасын, той, жетісі, қырқы, ас жиынында ысырап пен дарақылыққа жол бермеуге, бірігіп қолға алып, бір кісідей іске асыруды, сүннетке амал етуге шақырды. Себебі, ысыпрапшылдық рияға алып келуде, рия үлкен күналардан саналады.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі