Жаңа оқу жылы - жаңа серпіліс

Жаңа оқу жылы - жаңа серпіліс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оқу жылының басталуына орай "Һибатулла Тарази" медресесінде студенттермен жиналыс өтті. Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы медресенің директоры Қанат Жұмағұл, директордың орынбасары Нұралы Бақытұлы, мешіт ұстазы Асхат Акмамбетов пен медресе ұстаздар құрамасы және барлық 3 курстың  шәкірттер қатысты.

Қанат Әділханұлы студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңадан студент атанған 1 курс шәкірттеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар медресенің ішкі-сыртқы тәртібімен таныстырып өтті.

Шәкірттер пәндерге, дәріс, іс-шараларға байланысты мағұлмат алып, қосымша сұрақтарын да қойды. 

Өкіл имам білім алудың маңызы жайында, діни білімнің ерекшелігі турасында уағыз жүргізіп, студенттердің білімге деген ықыласын арттырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: