Имамдарға артылар жауапкершілік пен міндеттер жетерлік

Имамдарға артылар жауапкершілік пен міндеттер жетерлік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде дін мамандарымен психологиялық сұхбат өтті. Аталған ерекше іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Қанат Жұмағұл, Дін істері басқармасының қызметкерлері мен психолог мамандар қатынасты. 

Қала мен облыс бойынша 238 имам дәріске қатысып, әрбір дін маманы сауалнамалар толтырды. Өкіл имам мен наиб имамдар өңірден жиналған әр имаммен жеке-жеке тілдесіп, отбасылық жағдайы жайлы сұрастырып, әлеуметтік жағдайы турасында ашық сөйлесті. Екі күнге созылатын сұхбаттасуға облыстағы барлық имам қамтылмақ. Ал Жамбыл облысында ҚМДБ-ның арнайы бұйрығымен жұмыс атқарып жатқан 400-ден аса маман бар.  

Бұл іс-шара қиын жағдайдағы дін мамандарына мүмкіндік шеңберінде түрлі көмектер қарастыру, мәселе тудырарлық жайттарды қарастырып, шешу мақсатында жасалып отыр. Айта кету керек, имамдарға әлеуметтік жәрдем көрсетудің жолдары да жоспарлануда.

"Мұндай психологиялық сыр-сұхбат өкізу арқылы қызметкерлерге қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамда орнап отыратын түрлі кикілжіңнің алдын алып, әрі мамандардың жұмыс сапасын арттыра аламыз" - дейді облыс имамы Қанат Әділханұлы. 

Діни тұлғалармен тығыз қарым-қатынас орнатып, бір мақсат, бір мүдде жолында қызмет жасау үшін осы іспетті шаралардың көптеп қолға алынғаны керек-ақ. Ал мына ұйымдастырылып отырған игі бастама өз нәтижесін жақсы жақтан көрсетері сөзсіз.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: