АТТ мүшесі ауылдық мешіттердің жамағатымен жүзесті

АТТ мүшесі ауылдық мешіттердің жамағатымен жүзесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амиреев Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барып қайтты. 

Теріс ағыммен күрес жөнінде жауапты қызмет атқаратын білікті маман аудандағы "Өрнек" ауылдық мешіті, Юбелейный ауылының "Жақып", Луговой станциясы "Жүсіп" мешітінде жамағатпен жүздесіп, имани жиын өткізді.

"Теріс ағымның алдын алу" тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап берді. Дәстүрлі дін мен теріс бағытқа түскен сенім жайлы сүбелі сөз айтып, халықты діни сауаттылыққа шақырды. 

Уағызды ұйып тыңдаған жамағат мазһабтың маңыздылығы, теріс ағымдардың шығу тарихы, шын сенім, дін ұстанушылар арасындағы айырмашылық сынды сұрақтарға ала алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: