ҚҰРАН - МӘҢГІ МҰҒЖИЗА!

ҚҰРАН - МӘҢГІ МҰҒЖИЗА!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекші ұстазы Жанат Көшербаеваның ұйымдастыруымен «Құран мәңгі мұғжиза» атты рухани кеш өтті. 

Ізгі іс-шараға арнайы келген Жамбыл облыстық мешітінің Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева білім алып жатқан шәкірттерге, Құран үйренудің пайдасы туралы насихат айтып, шәкірттердің дайындаған көрінісін тамашалады.    

Бұл шара шәкірттердің Фатиха сүресін оқуымен ашылды. "Мұхаммедті (с.а.у.) бейнелеу" атты көрініс және де бүлдіршіндердің Алланың кәләмі жайлы аят хадистер оқуымен жалғасты. Сондай-ақ, "Құранға айналған Ана" қойылымын қойып, артынша Құранның құндылықтары жайлы Жамбыл облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Алдасаева Гүлжан сөз сөйлеп, әсерлі ой айтты.

Келген қонақтарға викториналық сұрақтар қойылып, кішігірім ынталандыру сыйлықтары таратылды. Бұл шараның ең маңызды сәті - мешітімізде білім алып Құранға түскен 8 шәкіртке тәж кигізу рәсімі өткізілді. Алланың Кәләмін жаттаған әрбіріне Алланың сөзі Құран Кәрім кітабы табысталды.

"Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Салтанат апа баршасына ақ батасын беріп, жастай білім алудың игілі жайлы сүбелі сөз қосты. Іс-шараны барлық жамағат болып салауат айтумен тәмамдады. Кеш соңында ұстаздар мен шәкірттер ақ дастархан үстінде бас қосты.

«Байзақ баба» мешіті

      

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: