Мемлекет басшысы #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

Мемлекет басшысы #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan", - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады. Содан бері игі бастама еліміздің түкпір түкпірінен қолдау тауып келеді.

baq.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: