Бір жылда 70 мың шетелік науқасты емдеген ел

Бір жылда 70 мың шетелік науқасты емдеген ел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жылы (2018 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта) шиғалар елінің емханасына 70 мың шетелік пациент түскен.

Бұл жайында ISNA ақпарат көзі Иранның денсаулық сақтау министрлігінің медициналық туризм департаментінің жетекшісі Саида Хашемзаде келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оның айтуынша, аталған ел аумағында шетелдік науқастарды қабылдайтын 169 емхана жұмыс істейді. Иран емханаларынан ем алатын шетелдік науқастардың шамамен 90%-ы Ауғанстан, Ирак, Әзірбайжан, Кувейт, Бахрейн, Оман және Парсы шығанағы елдерінің азаматтары.

"Шетелдік пациенттер қарасы соңғы жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты",- деді ол. Иранның денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық туризм департаменті келтірген дерек бойынша медициналық туризм ел экономикасына 12 млрд доллар шамасында табыс әкелген. Өткен бір жыл ішінде. Яғни, жоғарыда айтылған мерзім аралығында. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: