Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі 12 мен 15 жас аралығындағы тоғыз жасөспірімді жұмысқа қабылдады. Бұл бастама, атап өткендей, Отбасын дамыту қорының жоғарғы төрағасы шейх Фатима бинт Мубаракқа тиесілі.
Балалар БАӘ үкіметінің мүшелеріне денсаулық сақтау мен қорлау сияқты түрлі мәселелер бойынша кеңес береді деп болжанады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Министрлер Кабинеті жастарды елдің саяси өміріне барынша енгізуге ниетті екендігі туралы мәлімдеген болатын. Жарлықтардың біріне сәйкес, бұдан былай кез келген мемлекеттік органның әкімшілік құрылымына БАӘ-нің 30 жасқа толмаған бір азаматы кіруі керек.
asyldin.kz