"Һибатулла Тарази" мешітінде "Жазғы балалар сауат ашу курсының" бүлдіршіндері ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен пикникке шықты.
Ұстаздар мен шәкірттер қосылып түрлі ойындар ойнап, әңгіме-дүкен құрды. Қыздар бір-біріне сыйлық жасап, игі тілектер жолдады.
Ақ дастархан жайылып, қыздар түрлі тәттілерден дәм татты.
Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастаған ұстаздар уағыз-насихат айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді. Білімді толықтыра отырып, сергіту болған серуен оқушыларды қатты қуантты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.