Жұма күнгі әдеп

Жұма күнгі әдеп

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны - жұма күнінің үлкен құндылығы бар.

Алла Тағала бізді – Өзінің құлдарын өте жақсы көреді, біздің Жұмаққа кіргенімізді қалайды. Сондықтан да Жаратушы Өзінің шексіз қазынасының сыйлықтарын қолдануымызға мүмкіндік береді. Алла бізге кейбір ерекше күндер мен түндерде адамдардың әдейі немесе жазатайым жасаған күнәлары мен қателіктерінің кешірілетіні туралы айтқан.  Бұдан басқа осы күндер мен түндерде жасалған құлшылықтың барлық түрлері (тіпті аз болса да) үлкен сауап әкеледі. Жұма – осындай қасиетті күндердің бірі.

Екі дүние сардар Пайғамбары (ﷺ) келесіні айтқан :

«Күндердің ешбірінде қасиетті де тамаша  жұмадағыдай күн шығып, күн батпайды. Құлдың ізгі дұғасы мен өтініші міндетті түрде қабыл болатын, ал жаманнан аулақ болуды қалаған адам әрқашан қорғанышта болатын он күннің бір күні бар» (Тирмизи, Тафсир, Бурудж, 3336).

Жұма күніне дайындық түннен басталып әрі мерекелік көңіл-күймен жасалады.

Біздің сүйкті Пайғамбарымыз (ﷺ) жұма күніне түннен бастап дайындалатын.  Ол мұқият жуынатын және ғұсыл құйынатын, ал таңертең ең таза киімін киетін, хош иісті себетін әрі шашын тарайтын. Егер қажеттілік болса, Алла Елшісі (ﷺ) сақалы мен шашын қысқартып, тырнақтарын алатын. Ол (ﷺ) Алла Тағалаға үнемі зікір айтып және таспиық тартатын, бұл оны тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ өз жүрегімен де айтатын. Адамзаттың асылы (ﷺ) үшін жұма күні ерекше және қымбат болатын. Алла Елшісінің (ﷺ) намазға жүретін жолы раушан гүлдерімен аңқып тұратын.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) өз үлгісінде бізге жұма күнді қалай өткізу керектігін көрсеткен.

Жұма намазға жылдам және құлшыныспен бару керек.  

Құранда Алла Тағала былай айтқан:

«Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы» (62:9).

Бұдан басқа, біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) бізге былай айтқан: «Кімде-кім жұма намазға бәрінен бұрын келсе, сол ең көп сауап жинайды».

«Жұма болғанда, мешітке кіретін барлық есіктерге періштелер жиналады. Олар бәрінен бұрын келгендерді жазып тұрады. Имам мінбеге шыққанда, періштелер кітаптарын жауып, зікірді қалай айтатындарын тыңдауға кетеді» (Мүслім, Жұма, 24 (850)).

Жұма күні салауатты көбірек айту қажет.

Біздің  сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) келесіні айтқан:

- Күндердің ең игісі  - жұма күні – маған көбірек салауат айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарыңды маған хабарлайды.

Сахабалар сұраған екен:

- Уа, Алла Елшісі! Сіз бізден кеткен соң, біздің салауатымыз сізге қалай белгілі болмақ?

Оған Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай жауап берген екен :

- Алла Тағала жерге пайғамбарлардың денесін шірітуге тыйым салған. Біреудің сәлеміне жауап бере алуым үшін, Алла Тағала сол сәтте маған менің жанымды қайтарады (Әбу Дәуд, Салат, 201. Әбу Дәуд, Манасик, 96).

Алла Елшісінің (ﷺ) жеке өзі біздің сәлеміміз бен дұғаларымызға жауап беруі үшін, біз де өзіміздің сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) ізет пен сүйіспеншілікке және толғанысқа толы салауатымызды айтып тұрайық, ин ша Алла!

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: