Өмірдің әлдебір кезеңдерінде көпшілігіміз қаржылық берешек жағдайына тап болып жататынымыз өтірік емес. Бұл өте жағымсыз дүние, бірақ солай болып қалады. Бұл жерде пайыздарымен және дінге қарама-қайшы келетін мақсаттарға жұмсалатын несиелер меңзеліп отырған жоқ.
Сіздердің назарларыңызға сүннетке сай қарыз ауыртпалығынан тезірек құтылудың жеті жолынкелтіріп өтейік:
Қарыздардан тезірек құтылу үшін айтылатын дұға.
1. Сахаба Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) әр намаз соңында (сәлем берудің алдында) қарыздардан пана сұрайтынын жеткізген. Неліктен мұны жиі жасайтынын сұрағанда, Алла Елшісі (ﷺ) былай жауап берген:
«Адам қарыз алғанда, өтірік айтып бастайды және өз уәделерін бұзады».
Дұғаның сөздері келесідей еді:
اللّٰهُمَّ إني أعُوذُ بِكَ مِنَ المأْثَمِ وَالمَغْرَم
Аллахумма инни аузубикя минал масами уал-маграм
Уа, Алла, күнә мен қарыздардан Сенің қорғауыңды сұраймын.
2. Алла Елшісі (ﷺ) Муаз ибн Жабалға (р.а.) қарыздарынан құтылу үшін келесі дұғаны үйреткен:
اللهُمَّ مالِكَ المُلْكِ، تُؤْتِي المُلْكَ مَنْ تَشاء وَتَنْزِعُ المُلْكَ مِمَّنْ تَشاءُ، وَتُعِزُّ مَنْ تَشاءُ وَتُذِلُّ مَن تَشاءُ بِيَدِكَ الخَيرُ، إنَّكَ علٰى كُلّ شَيءٍ قَدير، رَحْمٰنَ الدنيا وَالآخِرَة تُعْطِيهِما مَنْ تَشاءُ وَتَمْنَعُ مِنْهُما مَنْ تَشاء، اِرْحَمْنِي رَحْمَةً تُغْنِيْنِيْ بِها عَنْ رَحْمَةِ مَنْ سِوَاكْ
Аллахумма Маликал-Мульк, тутил-мулька ман таша-у уа танзи ул-мулька мимман таша у уа ту’иззу ман таша-у, уа тузиллю махташа-у, бийядикаль-хайру иннакя аля кулли шайин кадир. Рахмана д-дунья уаль-ахыраки ту’тихима ман таша-у уа тамна’у минхума ман таша-у ирхамни Рахмата м-мин индик тугнинибиха ар-Рахмати м-ман сиуак.
«Уа, Алла, Сен құдіретке иесің. Сен қалағаныңа билік бересің әрі қалағаныңнан оны аласың және де Сен қалағаныңды құрметке бөлейсің. Бар нығмет Сенің қолыңда. Расында, Сен кез-келген нәрседен мықтысың. Сен күнге өтетін түнді жараттың, түнге өтетін күнді жараттың. Сен жансыздан жанды жасайсың әрі қалағаныңды жансыздандырасың. Және де Сен қалағаныңа шексіз ризық пен байлық сыйлайсың. Уа, осы және келесі дүниенің Қайырымдысы, Сен Өз Мейіріміңді қалағаныңа беріп, қалағаныңнан аласың. Өзіңнің билігіңнен басқа кез-келген биліктен мені тәуелсіз ететін мейіріміңді маған төкші».
Алла Елшісі (ﷺ) сосын Муазға (р.а.) былай айтқан: «Егер сен осы дұғаны оқысаң, сен қарыздарыңнан құтыласың, тіпті қарызың Ухуд тауының көлеміндей болса да» (Әл-Муджаму с-сагыр, Маджмау з-заваид, 10 т, 186 б. қараңыз).
Хафиз әл-Хайтами, рахимахуллах, осы риуаятты жеткізгендерді сенімді деп санаған, ал алим Мунзири, рахимахуллах, осы хадистің иснадын жақсы деп тапқан (Маджмау з-зауаид, 10 т, 186 б., Таргыб, 2 т. 614 б.).
Басқа риуаятта Алла Елшісі (ﷺ) осыған ұқсас дұғаны Әбу Бәкірге (р.а.) үйреткендігі келтірілген (Мустадрак Хаким, 1 т. 515 б.).
Ибн Аби Шейбаның риуаятында Абдулла ибн Сабиттен жеткен Алла Елшісінің (ﷺ) келесі сөздерді өзі оқып, оған үлкен мән бергендігі келтірілген (Шейх Аууаманың Маджаллис Ибн Насируддинге ескертпесін, 201 б. қараңыз):
اللّٰهُمَّ فارِجَ الهَمِّ كاشِفَ الغَمِّ مُجِيْبَ دَعْوَةِ المُضْطَرِّين، رَحْمٰنَ الدنيا وَالآخِرَة ورَحيمَهُما، اِرْحَمْنِي اليَومَ رَحْمَةً وَاسعَةً تُغْنِيْنِيْ بِها عَنْ رَحْمَةِ مَنْ سِوَاكْ
Аллахумма фариджал хамми кашифал гамми муджиба да’уатиль мудтарин, Рахмана д-дунья уал-ахырати уа Рахимахума ирхамниль йаума Рахматан уаси’атан тугнинибиха ‘ар Рахмати ман сиуак.
3. Әли (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) келесі дұғаны қарыздардан құтылу үшін айтуға кеңес бергенін келтірген:
اللهُمَّ اكْفِنِي بِحَلالِكَ عَنْ حَرامكْ، وَأَغْنِني بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِواك
Аллахумак фини би халялика ан харамик уа агнини би фадликя амман сиуак
«Уа, Алла, маған рұқсат етілген қорек беріп әрі тыйым салынғаннан сақташы. Және де Өз мейіріміңмен Өзіңнің билігіңнен басқаның бәрінен тәуелсіздік сыйлашы».
(Сунан Тирмизи – имам Тирмизи, рахимахуллах, оның иснадын сенімді (хасан) деп айтқан – хадис 3563).
4. Әбу Дәудтің Сунанында жазылған риуаятта Әбу Саид (р.а.) Алла Елшісі (ﷺ) Медине сахабалары- ансарларды үлкен қарыздарын өтеу үшін келесі дұғаны үйреткендігін айтқан:
اللهُمَّ إنّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الهَمِّ والْحَزَن، وأعوذ بك مِنَ الْعَجزِ وَالكَسل، وأغوذ بك من الجُبْنِ والبُخْل، وأعوذ بك مِنْ غَلَبَةِ الدَّين وَقَهْرِ الرجال
Аллахумма инни аузубика миналь хамми уаль-хазан, уа аузубикя минал-аджзи уаль-касл, уа аузубикя минал-джубни уа бухл, уа аузубикя мин галябати д-даин уа кахрир-риджал.
«Уа, Алла, уайым мен қиындықтардан Саған сүйенемін, қабілетсіздік пен жалқаулықтан Саған сүйенемін, қорқақтық пен сараңдықтан Саған сүйенемін, қарыздардың көптігінен және (басқа) адамның жәбірінен Саған сүйенемін» (Әбу Дәуд, хадис 1550).
Бұл дұғаны таңертең және кешке оқу ұсынылады.
5. Келесі дұғаны жиі айтып жүріңіздер:
لا حول ولا قوة إلا بالله
Лә хаулә уа лә куууата илля биЛЛяһ
Алладан басқа ешкімде күш те, құдірет те жоқ.
(Сунан Тирмизи, Мустадрак Хаким, Таргыб, 2 т, 444 пен 617 б. қараңыз).
6. Қайта-қайта истиғфар (жарылқау тілеу) жасау қаржылық және басқа да мәселелерден құтылуда мықты құрал болып табылады.
Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім бұлжытпай истиғфарды («Астағфирулла» деген сөздері бар дұға) қайталаса, Алла оның әрбір қиындығын жеңілдететінін, кез-келген мазасыздығын сейілтетінін көреді және ол білмеген жерден Алла оған қорек нәсіп етеді».
(Сунан Аби Дәуд, хадис: 1513. Имам Хаким бұл риуаятты сенімді (сахих) деп санаған, Таргыб, 2 т, 617 б.).
7. Ең бастысы – барлық қарыздарыңды төлеуге және сол үшін барлық күшіңді салуға шынайы ниетте болу. Кімде-кім шынайы түрде қарыздарынан құтылғысы келсе, оларға хадисте Алланың көмегі уәде етіледі. (Сахих Бұхари, хадис: 2387, сондай-ақ, Таргыб, 2 т. 598 б. қараңыз).
asyldin.kz