ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің оқушыларға арналған жазғы «сауат ашу» курсының шәкірттері ұстаздармен саябаққа серуендеуге шықты.
«Бірінші байлық-денсаулық» - деп айтылғандай, жыл сайын өтетін жазғы сауат ашу курсында Құран кәрім, ақида, фикһ, тәлім-тәрбиеге баулумен қатар, қыздардың арасында мейірімділікті арттыру мақсатында табиғатта демалу күні ұйымдастырылады. Онда қыздар түрлі ойындар ойнайды, діни сұрақтарға жауап береді.
Балалар табиғатта демалып, жақсы көңіл-күймен қайтты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі