Ауданаралық құран жарысы өтті

Ауданаралық құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың бастамасымен  «Көгершін» ауылдық мешітінің имамы Ерметов Қайраттың  ұйымдастыруымен жасөспірімдер ұл және қыздар арасындағы Құран жарысы болып өтті.

14 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысқан айтулы сайысқа ауылымыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде өтуіне өз септігін тигізді. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар қасиетті Құрани Кәрімдегі соңғы 1 пара және жарты пара сүрелерінің аралығындағы сүрелерді жаттап келуі тиіс болатын.

Мықтылар жиналған бұл  бәйгеде 1 парадан 1-орын Құрманбек Абдулла,  2-орын Мырзахан Ахмед, кезекті  3-орын Икранов Мирасқа тиесілі болыды. Ал жарты пара арасына 1-орын Құрманбек Сайфулла, 2-орын Айтқазиев Сұлтан, 3-орын Тухматулин Абубакрге бұйырды. Сонымен қатар қыздар арасында 1-орын Сингатулина Зейнеп, 2-орын Смайыл Мадина, 3-орын Мырзахан Мариям иеленді.

Сондай-ақ, сəл ғана басымдылықпен жеңіліс тапқан қатысушыларғада ынталандыру сыйлықтары берілді.

 Әбілда Мейірханов 

    

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: