ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің шәкірттері 9 айлық курсты аяқтауына байланысты мешіт бас имамы Ғазиз Нұртайұлы мен наиб имам Қасымжан Бектаев шәкірттерден емтихан алып, нәтижелерін «жақсы» және «үздік» деп бағалады.
«Сауат ашу» курсының шәкірттеріне сатылы оқуды тәмамдағаны үшін мешіт ұстаздары сертификат табыстады. Сертификаттар берілгеннен кейін мешіттің бүлдіршін шәкірттері қойылым қойып, Құран оқып, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) арнаулар оқыды.
Жиын соңында мешіт ұстаздарына сөз берілді. Солардың қатарында әйел-қыздар секторының басшысы Алдасаева Гүлжан да шәкірттерге құттықтау сөзін айтты.
Іс-шараны ұйымдастырушы-мешіт ұстаздары мен Сарыағаш колледжінің 3 курс білімгерлері.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі