1 маусым Балаларды қорғау күнінің құрметіне "Һибатулла Тарази" мешіті мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жетімдер үйіндегі балалармен жүздесу өтті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, аталған мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл бастаған мешіт қызметкерлері мен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастаған ұстаздар қауымы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев балалар үйіне арнайы барып, бүлдіршіндермен тілдесті.
Оқуда озат болған үздік 3 оқушыға велосипед сыйға тартылды. Ал қалған балапандарға ойыншықтар таратылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.