Қасиетті Рамазан - рақым, мейірім, кешірім айы. Осы орайда, Қадір түні қарсы алдында, жұма күні, жұма намазынан кейін, жанашыр әке-шешеден жастайынан айырылған 3 жеткіншек: 1 ұл 2 қызды, қызы өмірден озғаннан соң өз қамқорлығына алған анасы жеке үй болмаған соң, жалға үй алып тұрған.
Кейіннен несиеге 2 бөлмелі үй алып, біраз ақшасын беріп, 650 000 теңгесін қарыз болып қалған екен. Бір ай сол ақшаны табуға уақыт берген, амалдың жоғынан мешітке келіп жәрдем сұраған. Мешіт қызметкерлері мұндай жайсыздыққа бейжәй қарамай, әрекет жасап, сұраған қаражатын толығымен жетімдерді тәрбиелеп отырған апасына табыстады.
Жетім көрсең – жебей жүр деген нақыл сөз, іс жүзінде іске асты, апамыздың және балалардың қуанышында шек жоқ, көз жасына ерік бермей біраз ыңғайсыз жайда болды.
Аудандық «Меркі ата» мешіті