"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсының 3 сатыны тәмәмдаған шәкірттеріне сертификаттар табысталды.
Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұлов, мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев пен ұстаздар қауымы қатысты.
Өкіл имам шәкірттерді жетістіктерімен құттықтап, білім алудың маңыздылығы жайлы уағыз айтып, бата берді.
Ақ жаулықты әжелерде кезекпен өз баталарын беріп, ұстаздарға алғыс айтты. Имамдар мен ұстаздар шәкірттерді марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.