Күйеуіңіз сізді алақанында ұстасын десеңіз...

Күйеуіңіз сізді алақанында ұстасын десеңіз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар" (4:34)

Әйел адам бір маңызды ақиқатты естен шығармауы керек  – күйеуіміз біз үшін Жұмақтың кілті болып табылады.

Тирмизи келтірген хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер әйел күніне 5 уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса, күйеуін тыңдап, өзін сақтай білсе, онда ол Жұмаққа кіреді» (3254).

Басқа бір хадисте егер әйелі қайтыс болып, күйеуі оған разы болса, онда ол Жұмаққа кіреді делінген (Тирмизи, 286).

Ендеше, күйеуімізді бақытты ету арқылы біз өзімізді ғана бақытты етіп қоймаймыз, сонымен қатар, Алла Тағаланың разылығын алады екенбіз. Күйеуімізді бақытты етіп, оның жүрегін мәңгілікке қалай жаулап алуға болады?

1. Құрмет.

Бәрінен бұрын күйеуі оны әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету  - оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда  көрінеді. 

2. Тәнті болу.

Ер адамға жан-жағынан тәнті болғаны маңызды. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. 

3. Разы болу.

Күнделікті күйеуіңіз сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқандарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығына әдеттегідей нәрсе деп қарамаңыз, тіпті солай болып жатса да. Әрдайым бағалап, ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз.   

4. Сүйіспеншілік.

Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп отырғаныңыз өте маңызды. Әйел адамға сүйіспеншілікті сезіну қандай маңызды болса, ер адам үшін де аса маңызды. 

5. Бойсұну.

Алла Тағала басқаларға қарағанда Өзінің жаратқандарын жақсы біледі. Алла бізді әртүрлі етіп жаратты әрі еркек пен әйелдің бақыты үшін ненің қажет екенін Ол біледі. Алла Тағала еркекті отбасының басшысы етті, ал әйелді көнгіш әрі бой ұсынғыш етіп жаратты. Тек осы ретте ғана отбасында тәртіп пен рақат өмір болады. Әйел адам көнгіштігін көрсете отырып, күйеуіне бағынады, осылайша, нағыз мұсылман-әйел ретінде өзін көрсетеді.

6. Алла Тағаламен арадағы байланысты нығайту.

Сіз Аллаға жақын болған сайын, сізді көптеген адамдар, соның ішінде, күйеуіңіз де жақсы көретін болады. Кез-келген сұлулықты басып кететін сіздің жүзіңізде бір нұр болатын болады. Алла Тағаладан сізге деген күйеуіңіздің жүрегіндегі сүйіспеншілікті нығайтуды сұраңыз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: