Бүгінгі сөз еткелі отырған жемістің әр елдегі атауы әртүрлі. Көбенесе оны Інжір деп атайды, дегенмен кейбір әдебиеттерде смирндік жеміс, карийлік фикус, тұт жемісі, т.б. деп те атайды.
Інжір жемісі жайлы Құрандағы «Тин» сүресінде айтылған:
Інжірдің өзі ғалымдардың көзқарасы бойынша Оңтүстік Африкадан шыққан, ең алғаш жабайы түрі табылған, кейінірек оны жергілікті халық дәмді әрі көп жеміс беретін мәдени өсімдікке айналдырып алған. Археологтар болса, інжірді жер бетіндегі ең алғашқы өсімдік деп болжайды.
Араб елінен інжірді Шам, Мысыр елдеріне, ежелгі Грецияға, ол жерден Византияға жеткізіп, ол аймақтан Ресей жеріне жетіп, «күнәлі жеміс» деген атауға ие болған.
Інжірді әсіресе, қазіргі маусымда өте сирек кездестіреміз әрі оның бағасы да қымбат болғандықтан оны кептірілген інжірмен алмастыруға болады. Кепкен інжір өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды, тек шырыны ғана ағып кетеді. Кептірілген інжірден өзге құрғақ жемістер секілді компот жасауға, кондитерлік тағамдар пісіруге және жеке десерт ретінде тұтынуға болады.
Кептірілген інжір көне заманнан бері кеңінен қолданылады. Жаңа піскен інжір тез бұзылатын болғандықтан, оны кептіріп қолдануды игерген.
Әбу Дарда атты сахаба Пайғамбарымызға ﷺ інжір алып келген кезде барлық сахабаларына таратып беріп:
Інжірде кездесетін бірнеше қасиеттермен таныс болайық:
Інжір ас қорытуды жақсартады. Оның жемісі асқазан ауруы мен улануда таптырмас ем. Құрамындағы ферменттер ағзадағы улы заттарды шығаруға көмектеседі.
Құрамындағы кумарин және бензальдегид заттары қатерлі ісік ауруының алдын алады және зиянды клеткалардың өсуін тоқтатады.
Інжір жемісін қант диабетімен ауыратын жандар қолданса болады. Оның жапырағын бұқтырып ішсе, қандағы инсулиннің мөлшерін азайтуға көмектеседі.
Жүкті әйелдер үшін минералдар мен дәрумендер көзі болып табылады. Баланың дамуына және қан аздықтың алдын алуға көмектеседі. Себебі інжірдің құрамы темірге өте бай.
Күн сайын екі не үш тал інжір жеген адамның көру қабілеті де жақсарады.
Құранда аты аталған өзге де жеміс пен көкеністер рамазан айында таптырмас ем әрі тағам болып табылады. Себебі бұл айда біздің ағзамыз пайдалы заттар мен дәрумендерге мұқтаж болады. Бұл айда дұрыс тамақтану және пайдалы жемістерді тұтыну арқылы өзіміздің ағзамызға көмек беруіміз қажет.