Көп сұрақ қоюды жақсы көру, адамды бәлеге ұшырататынын білесіз бе?

Көп сұрақ қоюды жақсы көру, адамды бәлеге ұшырататынын білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісіне (ﷺ) көптеген сұрақтар қойылатын. Сол қойылған сұрақтардың кейбіреулері Алла Елшісін (ﷺ) қисынсыз жағдайға қалдыратын, өйткені әлгі қойылған сауалдардың көбі әдеп қағидаларына сәйкес келмейтін. Әсіресе, бай адамдар ерекше тілектерін білдіре, сыбырлап айтуды жақсы көретін. Мұндай қылық та Алла Елшісін (ﷺ) ыңғайсыз жағдайға қалдыратын, бірақ ол әдеп сақтап, сол адамдарды тыңдайтын еді. 

Осыған байланысты келесі аят түскен: «Әй,иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеңесудің алдында садақа беріңдер» (58:12) әрі сүннет ретінде Алла Елшісімен (ﷺ) кездесердің алдында садақа беру тағайындалған.

Сондай-ақ, Алла Елшісіне (ﷺ) дінді білу ниетінде сұрақ қою үшін барлық қоғам тобынан адамдар келетін. Осындай адамдардың кейбіреулері кейде өздерін ұнамсыз түрде ұстайтын. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) адамдарға ақиқатты жеткізу үшін, мұндай лайықсыз қылықтарға шыдап бағатын. 

Мына аят түсірілгенде: «Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зиярат ету (қажылық қылу) керек» (3:97), бір адам: «Уа, Алла Елшісі! Бізге жыл сайын қажылық өтеу керек пе?» - деп сұраған екен. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) үндемепті, бірақ осы адам сұрағын бірнеше рет қайталаған соң ғана былай деген екен: «Өмірде бір рет қажылық қылу парыз болып табылады». Осы оқиғаға байланысты келесі аят түскен: «Әй, мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар» (5/101).

Содан кейін Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:  «Егер мен «Иә», - деп жауап берсем, онда сендер үшін жыл сайын қажылық қылу міндет болар еді де сендер оны орындай алмас едіңдер». Ал осыдан кейін қажет емес сұрақтардың қауіптілігін көрсете отырып, ол былай деген екен: «Мен сендерге өзім айтпағанша, менен ештеме сұрамаңдар. Өйткені көп сұрақ қою және өздеріне жіберілген пайғамбарлармен дауласу сендерге дейінгілерді құртқан. Сондықтан мен ескерткен нәрседен аулақ болыңдар. Және мен бұйырғанды орындауға тырысыңдар».

Алла Елшісіне (ﷺ) келген адамдардың кейбіреулері, мысалы үшін, мынадай келеңсіз сұрақтарды қоятын болған: «Еркек пен әйел жақындасқанда, өмірге қыз немесе ұлдың келуі неге байланысты?». Мұндай сұрақтарды Пайғамбарға (ﷺ) қою орынсыз әрі әдепке қайшы. Алла Елшісі  (ﷺ) дәл осындай сұрақтардан аулақ болуды бізге ескерткен болатын.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: