Cөзсіз, Исламдағы ең мәртебелі қызметтің бірі азаншының міндеті болып табылады. Адамдарды Алла Тағалаға құлшылық етуге шақырудан асқан көркем сөз бар ма екен? Күніне бес рет адамдарға Алладан басқа құдайдың жоқ екендігін және Мұхаммед (ﷺ) Оның құлы мен Елшісі екендігін жариялап, иман келтіргендерді намаз бен аман қалуға шақырған амалдан асқан көркем амал бар ма екен?
Алайда осы бір көркем міндетті атқаратын адамға ие болуы сүннет болып табылатын бірнеше қасиеттер тән болуы қажет:
1) Адам Қыбланың қай жақта екенін біліп, намаз уақытының келгенін анықтай алатын болуы керек;
2) Саналы әрі ақыл-есі дұрыс болу;
3) Жақсы адам болып, күнә жасаудан аулақ болу;
4) Алла Елшісінің (ﷺ) сүннетін білуі;
5) Салмақты, қарапайым әрі тәрбиелі болуы;
6) Жамағатты жақсы білу, намазға сылғырт қарап жүргендерге дөрекі сөйлемей, тіл тигізбей ақыл айту;
7) Осынау мәртебелі істе тұрақтылық танытып, дәлелді себепсіз жібермеу;
8) Осы міндетті тек Алла разылығы үшін атқарып, мүмкіндігінше, сол үшін ақы сұрамау. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Кімде-кім ақы сұрамай, Алла разылығы үшін, азаншының міндетін атқарса, сол шахидке ұқсас болады. Өлген соң оның денесі шіру мен құрттардың жеуінен сақталады»;
9) Егер мүмкіндік болса, имам мен азаншының міндеттерін бірге алып жүру;
10) Мүмкіндігінше аталмыш жердің тұрақты тұрғыны болу керек. Жолаушы да азан шақыра алады, алайда, тұрақты тұрғынның шақырған азаны жақсырақ;
11) Азан мен қамат бір адаммен айтылуы тиіс. Егер азан шақырып болған соң, азаншы мешіттен шығып кетсе, онда оның орнына қаматты басқа біреудің айтуына болады. Егер азаншы мешітте болса, онда азаншының рұқсатынсыз қаматтың басқа біреумен айтылуы мәкрүһ болып табылады;
12) Кәмелетке толған болуы.
asyldin.kz