Бір күні Баязит Бистами әулиеден: – «Лә иләһа иллаллааһ» сөзі - жәннаттың кілті», - деген хадисті қалай түсінесіз?», - деп сұрайды, ол былай деп жауап береді: – Хадис – сахих.
Бірақ, сол кілттің тістері болмаса, есік ашылмайды. Жәннаттың кілті «Лә иләһа иллаллааһ (Алладан басқа тәңір жоқ)» сөзі болса, мына төрт нәрсе оның тістері:
1. Жалған және ғайбат айтпаған тіл;
2. Алдамайтын және қиянат жасамайтын жүрек;
3. Күмәнді және харам нәрселерді жемейтін асқазан;
4. Бидғат және нәпсінің қалаулары араласпаған салих амал», - деп жауап беріпті.
Дайындаған: Қуат Қабдолда
ummet.kz