«Байлыққа құштар болудан сақтан...»

«Байлыққа құштар болудан сақтан...»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ең алдымен, мынаны атап айтқан жөн, басқа да ауыртпалықтар сияқты кедейлік те сынақ ретінде; Алланың сүйген құлының дәрежесін көтеру ретінде;  күнәсінің өтелуі ретінде немесе жаза ретінде берілуі мүмкін. «Басқаларға қарағанда ауыртпалықтарға пайғамбарлар, әулиелер және олардың жолдарын ұстанушылар ұшырайды» (Маджмауз-Заваид, 2/292), Бұл хадистен түсінгеніміздей, ауыртпалық тек жаза болып табылмайды, ол артықшылық пен Аллаға жақындықтың белгісін білдіреді.

Осы мәселе жөнінде нақты келесіні айтар едім:

Күнәлардың басында, кедейліктің себебі болып табылатын зина тұрады. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Зина кедейліктің себепкері» (Канзул-Уммал, №: 12989).

Тілемсектікпен айналысатындарға да кедейліктің есігі айқара ашылатын болады. Имам Тирмизи келтірген хадистердің бірінде былай келтірілген: «Кімде-кім тіленшектік  есігін ашар болса, оған Алла кедейліктің жетпіс есігін ашып қояды» (Тирмизи, Зюхд, 17).

Байлыққа деген шектен шыққан құштарлық та кедейліктің шақырушысы болып табылады. Хадистердің бірінде Алла Елшісінің (ﷺ) бір адамға былай айтқаны жеткізілген: «Байлыққа құштар болудан сақтан, байлыққа деген тізгінсіз құштарлық  – бұл кедейліктің себебі» (Хаким, 4/326). 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: