Исмәт – күнә істемеу әрі күнә атаулыдан пәк деген ұғымды білдіреді. Олай болса пайғамбарлар әсіресе пайғамбар болғаннан кейін ешқандай күнә істемеген. Жоғарыдағы айтып өткеніміздей, пайғамбарлар Алланың бақылауында болғандықтан, олар үлкенді-кішілі күнәлардан және жалпы күнә жасау ұғымынан пәк. Ал ол жандардың пайғамбарлығынан бұрын кейбір шалыс басқан істері болуы мүмкін. Мұндай іс-әрекеттерді дінімізде «зәллә» деп атайды.
Егер де қайсы бір пайғамбар елшілігі барысында мысқалдай болсын қателікке бой алдырса, Алла Тағаладан дереу ескерту берілген. Мысалы, Хазіреті Пайғамбарымыздың да бірнеше мәселе жөнінде ескерту алғандығы мәлім.
Әуелгісі Хазіреті Пайғамбарымыз көкесі Әбу Тәлібке қатысты ескертуі. Пайғамбарымыз көкесіне: «Лә иләһә илллаллаһ де, ақиретте шапағат етейін», - деп өтінеді. Бірақ Әбу Тәліб тілін кәлимәға келтірмеген күйі өмірден озады. Сонда Алла Тағаладан мынадай ескерту бабындағы аят түседі: «(Мұхаммед) Расында сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады...» (28. 168 Абдулфеттах Шахин, ж.к.е., 2-том, 114-бет. Иман негіздері 248 Қасас-56).
Пайғамбарымыз әлі де болса бір мүмкіндік болар деген ниетпен Әбу Тәліб үшін және кешірім тілегенде: «Пайғамбарға және мүминдерге тозақтық екен- дігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да, мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды» ‑ деген «Тәубе» сүресінің 113-аяты түседі.
Бірде Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Құрайыш көсемдерін бір жерде жиналып тұрған сәтін кездестіріп қалады да, дереу сол сәтті пайдаланып, бәріне бірдей Ислам дінін түсіндіре бастайды. Сол кезде көзі соқыр, бірақ жүрегі иманға сусындаған Абдуллаһ ибн Умму Мәктум Пайғамбарымыздан Аллаһ және Ислам діні жайында өзіне уағыз айтуын сұранады.
Пайғамбарымыздың кімдермен сөйлесіп тұрғанын бейхабар Умму Мәктум өтінішін және екі‑үш рет қайталайды. Пайғамбарымыз Құрайыш көсемдерін екінші рет бұлай топтасқан күйде кездестіру мүмкіншілігі бола бермейтіндігін ойлап, Абдуллаһтың өтінішіне іштей наразы болып, жақтырмаған сыңай танытады да, қабағын шытады.
Пайғамбарымыздың дәл осы әрекетіне қатысты «Абаса» сүресі нәзіл етіледі: «Қасыңа соқыр келіп еді, тыжырынып қабағы түсіп кетті. Мұның қалай? Бәлкім, ол (күнәдан) арылар. Немесе сенен алған ақыл-кеңес оның пайдасына асар. Ал, енді Құрайыш көсемдері келсе оған көңіл бөлесің, тіпті олардың күнәдан тазару, тазармауы өзіңе міндет болмаса да. Ал, енді өзіңнен үміт күтіп, Алладан қорқып, ықыласпен келген адамға теріс қарайсың...».