Жәннәт пен жәһәннамда арнайы бақылаушы періштелер болады.
Жәннәт періштелерінің саны да өте көп. Олар жәннәтқа кірген муминдерге қызмет етеді және олармен бірге болады. Жәннәт нәсіп болған мүминдерге аятта: «Сабыр еткендерің үшін Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы» (13.Рағыд-24) – дейді.
«Зумәр» сүресінде де: «Оларға оның сақшылары: Сендерге сәлем, қош келдіңдер, жәннәтқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер дейді» (39.Зумәр-73) деген айқын, сүйіншіге бергісіз мағлұматтар бар. Жәннәттағы періштелердің басшы- сын - «Ридуан» деп атайды. Ал, жәһәннамдағы зәбани періштелер кәпірлерді азаптау қызметімен айналысады. Олардың арасындағы басшыларын «Малик» деп атайды.
Құранда жәһәннам періштелерінің қызметтері жайлы аяттар жеткілікті: «Әй, муминдер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер ірі денелі, қатал. Олар Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырса, соны орындайды» (66.Тахрим – 6).
«Ол тозақтың не екенін сен білесің бе? Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. Ол адам терісін өртеп кетеді. Оған он тоғыз (пері- ште) қарайды. Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана тағайындадық. Кәпірлерді сынау мақсатымен олардың санын дәл белгіледік» (74.Муддәсир, 27-31).
Жәһәннам періштелері тозаққа кірген кәпірді сұрақтың астына алатыны Құран Кәрімде былайша баян етіледі: «Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында, оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: Сендерге іштеріңнен өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және бұл күнге жолығатындарыңды ескертетін елшілер келмеді ме? - дейді.
Олар: Әрине, келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды дейді» (39.Зумәр – 71).