Бұл намаздың сауабы он екі жыл құлшылық еткенмен тең

Бұл намаздың сауабы он екі жыл құлшылық еткенмен тең

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала былай айтқан: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды» (32:16).

«Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді» (51:17).

Анас ибн Мәлік (р.а.) бұл екі аят ақшам намазынан құптан намазына дейін құлшылық еткен сахабаларға қатысты деп айтқан. Пайғамбарымыздың (ﷺ) кезінде құптан намазын үштен бір бөлігіне дейін қалдырып отырған, демек, екі намаздың арасындағы көп уақытты сахабалар құлшылықпен өткізген екен. 

Мұхаммед ибн Мункадир (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ақшам мен құптан намаздарының арасында қосымша намаз оқыса, сәләтул-әууабин» оқығандай болады (Мухтасар Кыйямул-Лейл, 73 б.).

Алла Тағалаға жиі құлшылық ететіндердің - әууабин намазы екі ракағаттан басталып, өз қалауынша, одан да көп ракағат оқуға болады.

Абдулла ибн әл-Амр (р.а.) былай айтқан: «Сәләтул-әууабин – бұл ақшам мен құптан арасында оқылатын намаз» (Ибн әл-Мубарак «Аз-Зухд»).

Мүслимнің «Сахих» жинақтарында Пайғамбарымыздың (ﷺ) дұха намазды әууабин намаз деп те айтқаны баяндалған. Аллама Шаукани екі намазды да әууабин деп айтқанда тұрған еш әбестік жоқ деген (Ибн Аби Шайба «Әл-мусаннаф»). Әууаб дегеніміз, күнә жасап қойғанда тәубәсына келуге асығатын адам.

Хузайфа (р.а.) былай келтірген: «Мен Пайғамбарға (ﷺ) келіп, онымен бірге ақшам намазын оқыдым. Ақшам намазын оқып болған соң, ол қосымша намаз оқуға кірісті. Қосымша намазды құптан намазға дейін бітіріп, кетіп қалды».

Асуад ибн Язид Ибн Масудтың (р.а.) былай айтқанын жеткізген: «Ақшам намазы мен құптан намазының арасы - намаз оқуға жақсы уақыт».

Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ақшам намазынан кейін (екі намаздың арасында) бос сөз сөйлемей, алты ракағат намаз оқыса, он екі жыл құлшылық еткендей сауап алады» (Сунан Тирмизи, Ибн Маджа).

Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім ақшам мен құптан намаздарының арасында жиырма ракағат намаз оқыса, оған Алла Жұмақтан үй тұрғызады» (Тирмизи, Ибн Маджа).

Жоғарыда келтірілгендерге сүйене отырып, төрт мәзхабтың ғалымдары әууабин намазын ақшам намазынан кейін оқуды ұсынады.

Ал  Алла дұрысын біледі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: