Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының әйелдер-қыздар секторы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде ұстаз Қолағұлова Жібектің ұйытқы болуымен «Рамазан – асылым» атты іс-шара ұйымдастырды.
Мешіттегі сауат ашу курсының шәкірттеріне Рамазан айындағы оразаның мол сауабы мен пайдалары айтылды. Уағыздан кейін шәкірттер сұрақтарына ұстаздардан жауап алды. Уағызды Жамбыл облысының бас ұстазы Алдасаева Гүлжан жүргізді.
Қонақтар ақ дастархан басында астан дәм татып, ақ жаулықты аналарымыздың батасын алды. Жиын соңында шәкірттер мешіт ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі