Қордай ауданының мешіттері қасиетті айды лайықты түрде қарсы алуға, жамағатқа қызмет жасауға дайын. Аудан бойынша ҚМДБ бекіткен ораза кестесі басылып, таратылды. Аудан бас имамының «Қош келдің Рамазан» атты мақаласы «Қордай шамшырағы» газетінде қос тілде жарық көріп, ораза кестесі де БАҚ бетінде жарияланды.
Мекеме басшыларына, демеугшілерге, дін жанашырларына құттықтау хаттары таратылды. Аудан орталығына және мемлекеттік шекарамыздың қақпасы болған шекара бекеті маңына орталық көшеге «Рамазан құтты болсын!» атты баннерлер ілінді.
Аудандық «Қордай» мешітінде тазалық жұмыстарына қосымша 20 түп жеміс ағаштары, 190 түп әр түрлі гүлдер егіліп, экспозиция жасалынды. Бас Мүфти Серікбай Қажы хазреттің тапсырмасына орай мешіт ауласына түнгі шамдармен безендірілді.
Келген жамағат үшін арнайы велотұрақтар жасатылып, мешіт ауласына орнатылды. Мешіт шарбақтарына ораза жайлы хадистер жазылған билборттар ілінді. Шарбақтар мен сауат ашу ғимаратына қосымша жарық беру құрылғылар қосылды.Алғашқы тарауих намазы туралы бейнероликте түсірілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі