Йақуб пен Юсыптың (ғ.с.) пайғамбарлығы

Йақуб пен Юсыптың (ғ.с.) пайғамбарлығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Уехб ибн Мунаббих былай келтірген: «Алла Тағала Ибраһимнің  (ғ.с.) жанын алған кезде, Ысмайыл (ғ.с.) Меккеде тұрған болатын. Ысқақтың Ийс, Йақуб есімді екі ұлы болған. Олар егіз еді. Бұл дүние есігін ашпай тұрып Ийс Йақубке былай деген екен:

- Егер сен менен бұрын дүниеге келер болсаң, мен сенің аяғыңнан тартып, үшеуміздің де көз жұмуымызға себеп боламын. Сонда Йақуб (ғ.с.): - Жақсы, бұл дүние жарығын сен бірінші көр, - деген екен».

Осылайша, бұл өмірге Ийс бірінші болып, ал Йақуб (ғ.с.) екінші болып келген екен.

Ийстің Рума есімді бір ұлы болған.  Одан византиялықтар тараған. Ал Йақубтың он екі ұлы болған, соның бірі Юсып (ғ.с.). Юсып он екі жасқа келгенде, жұма күндерінің бірінде он бір жұлдыз, күн мен ай алдына келіп құлайтын бір түс көреді.  Бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген:

«Сол уақытта Юсып (ғ.с.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді» (12:4).

Омер Насафи былай айтқан: Юсыптың ағаларына шайтан қарт адамның бейнесінде келіп былай деген екен:

- Юсып сендерді өзінің құлы ретінде ұстағысы келеді.

- Одан қалай құтылсақ болады, - деп сұрайды ағалары?

 Шайтан айтады: - Оны өлтіріңдер де істегендерің үшін тәубелеріңе келіңдер.

Арам ойларын іске асырмақ болып, ағалары Юсыпты жапан далаға апармақшы болады. Йақубтен (ғ.с.) келіп рұқсат сұрайды, бірақ Йақуб (ғ.с.) оларға:

- Сендер Юсыпты қараусыз қалдырып, оны қасқыр жеп қоя ма деп қорқамын, - деп рұқсатын бермейді..

Оған ағалары былай жауап қайтарады: - Оны қорғайтын біз бармыз ғой, оны қасқыр қалай жемек?

Алайда осыған дейін Йақуб (ғ.с.) түсінде Юсыпқа (ғ.с.) қасқырлардың шапқанын көрген болатын, сондықтан да басында рұқсатын бермейді. Йақубтың көрген түсінде, Юсып (ғ.с.) таудың төбесінде тұрады, ал оған он қасқыр шабуыл жасайды, ал он бірінші қасқыр оны қорғайды. Сол уақытта жер ашылып кетеді де Юсып (ғ.с.) оның ішіне түсіп кетеді де содан кейін қайтадан көтеріледі.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: