Айт намазының тәкбірлеріне кешігіп қалған жағдайда...

Айт намазының тәкбірлеріне кешігіп қалған жағдайда...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Айт намазының алғашқы рәкатына қосымша тәкбірлер айтылған соң үлгеріп имамға ұйыған адам ифтитах тәкбірді алғаннан кейін, «Субханаканы» оқымай, дереу қосымша тәкбірлерді алады.

Егер имам рүкүғте тұрған кезде үлгерсе, дереу түрегеп тұрған күйі тәкбір алып, рүкүғке барады. Рүкүғтегі тасбихтердің орнына қосымша тәкбірлерді қолдарын көтермей сол жерде айтады.

Егер үлгере алмаса, ештеңе керек емес. Егер имамға екінші рәкатта үлгерсе, имам сәлем бергеннен кейін, оқи алмаған рәкатты қаза ету үшін қиямға барғанда қосымша тәкбірлерді «Фатиха» және қосымша сүреден кейін құпия алады.

Айт намазына үлгере алмаған адам жеке өзі айт намазын оқи алмайды. Қаласа төрт рәкат намаз оқиды. Бұл сәске намазының орнына жатады. Құрбан намазын кешіктірмей, ал, Рамазан айт намазын аздап кешіктіру – сүннет. Рамазан айтта айт намазынан бұрын құрма секілді бір нәрсе жеу, Құрбан айтында болса, айт намазы оқылмай тұрып ештеңе жемеу – мұстахап.

Бурәйда (р.а.) былай дейді; «Алла Елшісі (с.а.у.) Рамазан айтында дәм татпай үйден шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқығанға дейін еш нәрсе жемейтін».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: