Құда түсіп қойған қалыңдыққа басқа адам құда түссе не болады?

Құда түсіп қойған қалыңдыққа басқа адам құда түссе не болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құда түсіп қойған әйелге басқа біреудің құда түсуі – харам.

Оған:

1. Абдуллаһ ибн Омардан, (р.анһ.) хадисте Алла елшісінің (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Сендердің ешқайсыларың бұрын құда түскен кісі райынан қайтпайынша неме- се сендерге рұқсат бермейінше құда түскен мұсылман бауырларыңның үстінен құда түспеңдер».

2. ُ ْؤِم ِن َ فاَل َ ُخ ْو الم ُ ْؤِمُن أ َ َ ق َ ال ْ الم لم َّ َ َس ِه و ْ َ َلي ل هَُّ ى الل ع َّ ص َ ِ الل ُ َول هَّ َس ن ر َّ ِإ ِة َ َ َل ِى خ ْطب َ ْخُط َب ع َ اَل ي َ ِخ ِيه و ِ أ ْع ي َ َ َلى ب َ َاع ع ت ْ ب َ َ ْن ي ُ ْؤِم ِن أ ل لِْلم َ ِحُّ ي َ َ َذر ى ي َّ حت َ ِخ ِيه َ أ

Ғуқба ибн Амирден (р.анһ.) риуаят етілген Пайғам- барымыздың: «Мүмін-мүміннің бауыры. Сондықтан мүмінге бауырының үстінен сауда-саттық жүргізуі және ол құда түскен әйелге оны қалдырмайынша құда түсуі халал емес»;

3. Әбу Һурайрадан (р.анһ.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың:

- عن أبي هريرة عن النبي - صلى اهلل عليه وآله وسلم - قال : ال ِ يخطب الرجل على خطبة أخيه حتى ينكح أو يترك

«Бауыры құда түскен әйелге оған үйленбейінше не- месе қалдырмайынша басқа адам құда түспейді»,- деген хадистері дәлел бола алады.

 Әйелге немесе оның заңды өкіліне екінші болып құда түскен кісіге келісім беруі, әсіресе, алғашқы болып құда түскен кісінің қалыңдығы болып есептелген жағдайда харам саналады.

Алайда алғашқы болып құда түскен кісі рұқсат берсе, онда құдалық дұрыс есептеледі. Сонымен бірге алғашқы болып құда түскен кісіге ешбір нақты жауап немесе келісім берілмеген жағдайда екінші адамның құда түсуі айып болмайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: