Орталық мешіттің жамағаты Ғазиз Ахметовпен жүздесті

Орталық мешіттің жамағаты Ғазиз Ахметовпен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ескертіңдер! Ескерту мұсылмандарға пайда береді" дейді шариғатымызда. Уағыз-насихат адамның діни сауатын ғана емес, рухани әлеуетін де көтеретіні ақиқат. Осы игі жиын Қазақстан мешіттерінде күнделікті орын алатынын сіздер (оқырман) білесіздер ме? 

Атап айтар болсақ, бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ақшам мен құптан арасында көркем уағыз айтылды.

Бұл жолы насихатты қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов жүргізді. 

Білікті маман "ғайбат айту және оның зардаптары" жайлы сөз сөйледі. Ұйып тыңдаған жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, ғайбат айтудан арылудың жолын, әдісін тізбектеп түсіндіріп өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, мұндай уағыз күнделікті ақшам намазынан соң жүргізіліп отырады. Білікті мамандардың насихатын тыңдаймын дегендер ертең тіпті арғы күні, апта бойы көрсетілген уақытта мешітке келіп, уағыз тыңдай алады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: