Рух және рухты шақыру

Рух және рухты шақыру

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Рух» сөзінің мағынасы «жан», «күш» деген ұғым, түсініктерге келеді. Көпше түрі «әруақ». Әрбір мұсылманның рухтың бар екендігіне сенуі шарт. Өйткені Құран аяттары рухтың бар екендігі мен оның Аллаһ Тағаланың әмірінде болатынын, өлгеннен соң басқа бір әлемге баратынынан хабар береді. Ислами жүйе бойын- ша таратып айтсақ, «рух» сөзі көбіне үш мағынада қолданылады:

1) Жәбірейіл періштенің аты ретінде (Бақара-87; Мәриям-7; Шуара-193; Қадыр-4).

2) Уахи мағынасында (Нахл – 2; Мүмин – 15; Шура – 52)

3) Жандыларда тіршілік көзі болып табылатын күш мағынасында (Исра-85; Әнбия-91) Рух жайындағы тартыстар мен түрлі пікір қайшылықтары ғасырдан ғасырға жылжып жалғасып келеді. Солардың бірі исламның бастапқы кезеңіндегі ғалымдардың айтуынша, рух Тәңірі жағынан бір құпия және адам оны жетік меңгере алмайды. Өйткені, «Исра» сүресінің 85-аятында: «Әй, Мұхаммед! Сенен рухтың не екенін сұрайды.

Айт: Рух Раббымыздың әмірінде. (Бұл жайында) сіздерге өте аз мағлұмат берілген», - делінген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтуынша, өлген адамның артынан оқылған Құранның, жасалған жақсылықтың сауабы сол адамға тиеді. Бірақ, рухтардың адамдармен қарым-қатынаста болатындығы жайында ешқандай аят не хадис жоқ. Адамның ғайып әлемімен байланысы тікелей Алла Тағаланың жіберген періштесі неме- се жын-шайтандар арқылы болады.

Олардың рух деп айтып жүргендері жын мен шайтандар. Жын мен шайтандар адамдар арасында өздеріне жақын кісілерге хабар беріп отыратындығы аят пен хадисте айтылған. Құранда Иман негіздері 190 тыңшылық істеп (Хижр–18), періштелердің сөздерін таситын жын-шайтандардың болғанын (Саффат–10) және бұлар естігендерін көріпкел, балшыларға жеткізетіні туралы мәлімет бер.

Осы хабардың көбіне өтірік араласқандығы (Шуара–223) мен олардың мәлімет ұрлауларына кедергі болу үшін от ұшқындары жіберілгені айтылады.

Хазіреті Айшадан жеткен риуаят бойынша: «Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Періштелер бұлттардың ішіне түседі және көкте болғандарды әңгімелеседі. Шайтандар да осы кезде құлақ салып тыңдап, естіген хабар- ларын көріпкелге жеткізеді. Өздері де көптеген өтіріктер қосады», - деген».

Жындар мен шайтандар адамдар- ды әсерлеп, кейде сиқыршы мен көріпкелді және рух шақырушы кісілерді таңдайды. Дініміз бойынша мұндай іспен айналысатындардан хабар алу ширк болып есептеледі. Өйткені, келешекті Алладан өзге ешкім білмейді. Құранда «Ғайыпты тек қана Алла біледі», - деген. (Әнбия – 59). Демек, мұндай іспен айналысудың «харамның ауылына» ат ізін салғанмен айырмасы жоқ.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: